Столичные спасатели при пожаре в столичном ЖК эвакуировали 30 человек
Профилактическую работу с водителями автобусов провели полицейские в Талдыкоргане
За ночь из Астаны вывезли более 23 тысяч кубометров снега
Отходы превращаются в доходы: как жители страны могут зарабатывать, не выходя из дома
АФМ завершило расследование хищений в Южно-Казахстанском Университете
Жазғы демалысты 31 арнамен бірге өткіз!
30 Мая 2016
2692
31телеарна
Жаз бойы дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 11.00 мен 13.00 аралығында 31 арна ертегілер патшалығына айналады. Балаларды өзіне баурап алатын ең үздік, ең қызықты деген мультфильмдерді жаныңыз қалағанша тамашалайсыз. Бүлдіршіндер жақсы көретін «Фиксиктер» де, «Аңғалақ батырлар және айдаһар» да – біздің арнада!

«Фиксиктердегі» машиналар мен құрылғылардың ішінде өмір сүретін кішкентай адамдар балаларға күнделікте өмірде қолданатын құрылғылардың қалай жұмыс істейтінін баяндап, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертіп, ізгі істер жасауды үйретеді.
«Аңғалақ батырлар және айдаһар» атты ерекше мульфильм де әлемге әйгілі. Онда Иккинг атты жас викинг пен оның айдаһарды қалай баулығаны туралы баяндалады. Бірақ ол айдаһарды баулып қана қоймай, «Тіссіз» деп аталатын жаңа досының үстіне отырып алып, ұшып жүріп саяхат жасайды да, өзі туған Аңғалақтар аралын толықтай зерттейді. Бір күні ол достарымен бірге әртүрлі айдаһарлар өмір сүретін жаңа жерді ашады. Оның ішінде үлкен де, кішкентай да, түрлі-түсті де, дене пішіні ерекше да айдаһарлар болады...
31 арнаның ересек көрермендері үшін де жаз маусымы жүрек тебірентер хикаяттарға толы! Көрермендердің көзайымына айналған түріктің «Махаббат пен жаза» телехикаясымен бірге (қазір дүйсенбі мен жұма аралығында 21.00-де жүріп жатыр) Түркиядан тағы да шытырман, қызықты, мұңлы махаббат хикаяттары келіп жетті. Олар өздеріңізге етене тарыс «Әуе жер ғашық» телехикаясы мен «Черная любовь» атты жаңа телехикая. Олар Түркияның ғана емес, бүкіл әлемді таңдай қақтырып, миллиондаған көрерменнің махаббатына бөленіп үлгерген.
Телехикая неге бұлай аталады? Аталмыш телехикаяның басты кейіпкері Кемал атты қарапайым жас жігіт Нихан атты сұлу қызға ғашық болады. Нихан байдың қызы. Сурет салумен айналысады. Бір күні шабыт іздеп қала көшелеріндегі автобусқа отырады да, тағдыр жазуымен Кемалға жолығады. Екі жас бір-бірін бір көргеннен ұнатып, сөз жарастырады. Алайда Ниханмен бала күннен бірге өскен Эмир атты жігіт ықпалды әкесінің көмегімен Ниханның отбасып қорқытып, бопсалап, оны өзіне тұрмысқа шығуға мәжбүр етеді. Махаббатта жолы болмай, Ниханнан айырылған Кемал Зогулдак деген қалаға шахтаға жұмысқа кетеді. Бір күні шахтада жарылыс болып, Кемал компанияның директорын құтқарып алады. Директор Кемалды туған ұлындай көріп, оған үлкен қызмет ұсынады. Байлық пен мансапқа ие болған Кемал сүйгенінен айырған қоғамнан кек алу үшін туған қаласына оралады. Кектің соңы жылдар бойы сақталған құпиялардың ашылуына әкеліп соғады... Махаббат телехикаясын 8 тамыздан бастап дүйсенді мен жұма аралығында 21.00-де арнамыздан тамашалай аласыздар.

Ал тамыз айының 15-сінен бастап 22.00-де қазақстандық көрермендер біздің арнамыздан әйгілі «Әуе жер ғашық» атты телехикаяны тамашалайды. Түріктердің аты жер жарған телехикаясында оқиға Хавва және Топырақ атты ағайынды екі қыздың арасында өрбиді. Хавва өте пысық қыз. Алдында қойған мақсатына қалайда жетіп үйренген. Оған қоса ерекше сұлу. Ал сіңлісі Топырақ керісінше, өмірде жолы болмай, қасірет шегіп жүреді. Баласынан айырылып, өмірден баз кешеді. Бір күні екі қыздың өмірінде Юсуф атты жас жігіт пайда болады. Әйелі қайтыс болған, кішкентай ұлы бар. Үшеуінің арасында махаббат үштағаны пайда болып, соның маңайында әртүрлі шытырман оқиғалар өрбіп, қастандық, ғашықтық, аяқтан шалу хикаяның хикаяның өзегіне айналады.
Жаз бойы 31 арнадан тамашалаңыздар!
Отыз бірінші арна – таңғалдыратын, шабыт пен мейірім сыйлайтын, қызықты, қауіпсіз, бүкіл отбасына арналған ұлттық ойын-сауық арнасы. Арнаның ұраны – «Отбасымен бірге көрейік!».

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Столичные спасатели при пожаре в столичном ЖК эвакуировали 30 человек
ru Профилактическую работу с водителями автобусов провели полицейские в Талдыкоргане
ru Более 608 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери
ru Нацбанк выпустил коллекционную монету Zn из серии «Недра Казахстана»
ru Перевалка зерна через Ак Бидай-Терминал увеличилась на 72%
ru Токаев совершит рабочую поезду в Давос
ru Более 12 тыс. актуальных навыков доступно в Цифровом банке навыков
ru В Астане студенты и школьники объединились для производства парфюма
ru За ночь из Астаны вывезли более 23 тысяч кубометров снега
ru Казахстан переходит к системному управлению несырьевым экспортом
ru Казахстан и США обсудили перспективы сотрудничества в агропромышленном комплексе
ru Отходы превращаются в доходы: как жители страны могут зарабатывать, не
ru В правительстве обсудили меры по стабилизации инфляции
ru АФМ завершило расследование хищений в Южно-Казахстанском Университете
ru В Уральске сотрудники МЧС эвакуировали 14 человек при пожаре в
ru В Алматинской области в 2025 году создано более 70 000
ru Более 27 тыс. объектов адаптировано для лиц с инвалидностью в
ru Погодные условия на республиканских автодорогах
ru Пассажирский автобус опрокинулся в Мангистауской области, есть погибшие
ru В Сарани готовят к запуску новые заводы
ru Глава государства подписал новый Закон о банках
ru В Астане начался конкурс «Парыз-2026»
ru В 2025 году введено в эксплуатацию 20,1 млн м2 жилья
ru Нуржан Турсунханов назначен заместителем председателя АРРФР
ru В ДУИС по области Абай осужденные начали изготовление оборудования для
ru Более 280 млн тенге взыскано с должников по инициативе прокуратуры
ru АФМ в Астане расследует хищение средств ФСМС руководителем двух частных
ru Алматы готовится к снегопаду и похолоданию
ru Минздрав усиливает требования к поставщикам медуслуг
ru В Казахстане сохраняется стабильность цен на социально значимые товары на

+77772555856
Написать нам




